​Сауд Арабиясына қажылыққа барған 8 өзбекстандық қаза тапты

0
232


​Сауд Арабиясына қажылыққа барған 8 өзбекстандық қаза тапты

Фото: «Dunyo» ақпарат агенттігі

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барған Өзбекстанның 8 азаматы көз жұмды, деп жазады inform.kz.

"Өкінішке қарай, Өзбекстан үкіметі тарапынан қабылданған тиісті шараларға қарамастан, созылмалы дерті бар 4 отандасымыз қажылық кезінде қайтыс болды. Сонымен қатар осы аралықта құзырлы органдардың ескертуін елемей, Сауд Арабиясына заңсыз барған 4 Өзбекстан азаматы қаза тапты. Заңсыз жолдарды пайдалана отырып, аталған елдің аумағына енген өзбекстандықтарға алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді", — делінген Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарламасында.

Ресми дерекке сай, биыл 15 мыңнан астам өзбекстандық қажылық парызын өтеді. Осы аралықта құжатын жоғалтқан 40-тан аса адам Джидда қаласындағы Өзбекстанның Бас консулдығына өтініш жолдаған. Тиісінше, оларға отанына оралуға рұқсат беретін куәліктер берілген.
Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясында қажылыққа адамдарды заңсыз апарған 6 азамат ұсталғанын жазып едік.
Сонымен қатар Сауд Арабиясының билігі қажылық ережелерін бұзғандарға қатаң айыппұлдар енгізді.