«Сбербанк» тұтынушыларына «Android-троян» қауіп төндіріп тұр

0
1 276

«Доктор Веб» сарапшыларының айтуынша сәуір айына дейін Android.BankBot.358.origin трояны банк қызметін пайдаланушылардың 60 мыңына қауіп төндіріп, құны 78 000 000 рубль /431,027,220.00 теңге/ шығынға ұшыратып отыр. Зиянды вирустың белсенділігі күн санап артып, бұдан да үлкен шығындарға ұрындыратынын да айтады сарапшылар.


«Сбербанк» тұтынушыларына «Android-троян» қауіп төндіріп тұр

Бұл жайында Ресейдегі «Доктор Веб» компаниясының киберқауіпсіздік сарапшылары мәлім етті. «Сбербанк» тұтынушыларының есепшоттарына шабуылдаған Android.BankBot.358.origin. троян қауіп төндіруі мүмкін. Егер күдік расталса, банк тұтынушыларының қаржысын бақылау қиынға соқпақ, - деп хабарлайды ERNUR.KZ tvzvezda.ru-ға сілтеме жасап.

«Доктор Веб» сарапшыларының айтуынша сәуір айына дейін Android.BankBot.358.origin трояны банк қызметін пайдаланушылардың 60 мыңына қауіп төндіріп, құны 78 000 000 рубль /431,027,220.00 теңге/ шығынға ұшыратып отыр. Зиянды вирустың белсенділігі күн санап артып, бұдан да үлкен шығындарға ұрындыратынын да айтады сарапшылар.

Avito пиктограммасы және Visa и Western Union төлем жасау жүйесіне жасырынған вирус банк тұтынушылары мен салымшыларының карточкаларындағы мәліметтерді қаскөйлерге ашып бере алады. Троянды ойлап шығарушы айлакерлердің мақсаты да осы.

Әйтсе де «Сбербанк» ұжымы бұл қауіптің алдын алу үшін барынша жұмыстар жасап жатқандықтарын айтады.

Айта кетейік, Ресей аумағындағы ең үлкен банктердің бірі саналатын «Сбербанк» қызметін 60 млн ресейлік, яғни мемлекеттің жартысы пайдаланады. «Хакерлердің» бұл банкті шабуылдау мақсаты да осы.

Бұл банктің қазақстанда да мыңдаған тұтынушылары бар