Сегіз сағаттық ұйқының пайдасы жоққа шығарылды

0
1 305

Соңғы зерттеулер сегіз сағаттық ұйқының пайдасы туралы мифті жоққа шығарды.


Сегіз сағаттық ұйқының пайдасы жоққа шығарылды

ERNUR.KZ. Ұлыбританиядағы Лофборо университетінің профессоры Кевин Морган күніне сегіз сағат ұйықтау туралы кеңес барлық адамға сай келе бермейтінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Профессордың айтуынша, соңғы зерттеулер сегіз сағаттық ұйқының пайдасы туралы мифті жоққа шығарды. Ол адамдардың көбі күніне жетіден тоғыз сағатқа дейін ұйықтау керек екенін айтты.

Алайда бұл көрсеткіштерден жоғары және төмен ауытқулар болуы мүмкін екенін түсіндірді ғалым.

Сомнолог жұмыс күндері ұйқының жетіспеушілігін демалыс күндері ұзағырақ ұйықтау арқылы толтыруға болатынын дәлелдеген қытай ғалымдарының зерттеуіне назар аударды.

"Компенсаторлық ұйқының артықшылықтарын демалыс күндері 1,28 сағатқа көбірек ұйықтау арқылы байқап көруге болады", – деді Морган.