Селфи жасаймын деп қайтыс болды

1
3 385

​Ресейлік 42 жастағы әйел ваннада селфи жасаймын деп қайтыс болды. Әйелдің өлі денесін баласы тауып алған.


Селфи жасаймын деп қайтыс болды

фото: dw.com

Ресейлік 42 жастағы әйел ваннада селфи жасаймын деп қайтыс болды. Әйелдің өлі денесін баласы тауып алған. Анасының кеудесінде телефонын көрген жігіт дереу жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер оның қайтыс болып кеткенін айтады деп хабарлайды sn.kz сайты life.ru.-ға сілтеме жасап.

Арна ұсынған ақпараттарға сәйкес, әйелді тоқ ұрған. Ол қуаттағышта тұрған телефонмен селфи жасамақ болыпты. Обал дейміз, әрине. «Сақтансаң - сақтаймын» дегенді ұмытпаған ләзім-ау қай кезде де.