Шегіртке жайлаған Өзбекстан өңірлерінде химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр

0
487

Қарақалпақстанда және Навои, Бұхара, Самарқанд облыстарында зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілді.


Шегіртке жайлаған Өзбекстан өңірлерінде химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр

ERNUR.KZ. Өзбекстанның бірнеше өңірінде, оның ішінде Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қаптаған шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп жазады inform.kz.

Өзбекстанның Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігінен мәлім еткендей, бүгінде Қарақалпақстанда және Навои, Бұхара, Самарқанд облыстарында зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілді.

«Бұл жәндік күн сайын 50-60 шақырымға ұша алады және негізінен сексеуіл жапырағымен қоректенеді. Егіс алқаптарына зиянын тигізбеуі үшін химиялық өңдеуге бар күшті жұмылдырған жөн. Оның ішінде шекаралас өңірлерде жәндіктің таралу қауіпін азайту мақсатында арнайы шаралар қолға алынды», - деді Өсімдіктер карантині және қорғау ғылыми-зерттеу институты зертханасының меңгерушісі Нодирбек Туфлиев.

Агенттіктен нақтылағандай, шегірткенің бұл түрі сексеуілмен қоректенетіндіктен, ол ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдық жерлерге қауіп төндірмейді.

Еске салайық, бұған дейін көрші елдерден шегіртке келмес үшін Қазақстан бақылауды күшейткенін жазып едік.