Бұл – ел тарихындағы ең үлкен контрабанда.
Малайзия шекара қызметкерлері 1 тоннадан артық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл – ел тарихындағы ең үлкен контрабанда. Осындай ақпарат Негери-Сембиланде өткен баспасөз конференция кезінде хабарланды. Ресми дерек бойынша, қылмыскерлер 1187 килограмм метамфетамин мен 760 грамм героинді ішкі сауда нарығына алып кірмекші болған. Олар есірткіні арнайы алтынмен қапталған шай салатын пакеттермен алып өткісі келген. Осы мәселеге байланысты тергеу жұмыстары Куала-Лумпурде жүріп жатыр. Әзірге 6 адам қамауға алынды. Олардың үшеуі – Мьянма азаматтары, ал қалғаны – малайзиялықтар.
Саброманиям Толази, шекара қызметы басшысы:
– Бұл – бұрын-соңды кездескен ең ірі контрабанда. Тәркіленген есірткінің құны 17 миллион доллардай болады. Ал салмағы – 1187 килограмм.