Норвегиялық қалыңдық швециялық күйеу жігітке тұрмысқа шығудың ерекше тәсілін ойлап тапқан.
ERNUR.KZ. Коронавирустың салдарынан шекара асуға мүмкіндігі болмаған жас жұбайлар тойын дәл екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасады, деп жазады kaz.nur.kz.
Норвегиялық қалыңдық коронавирус өршіген уақытта швециялық күйеу жігітке тұрмысқа шығудың ерекше тәсілін ойлап тапқан деп жазады BBC Monitoring.
Олар індет салдарынан шекара асуға шектеу қойған екі ел билігіне осылайша жауап қайтарыпты.
Қалыңдық пен оның жақындары тойда шекара сызығының Норвегия тұсында болса, күйеуі жігіт пен оның туыстары Швеция тұсында тұрған.
"Біз тойды кейінге шегеруді қаламадық. Шекара ашылғанын күтіп отырғымыз келмеді. Бар болғаны сол", - дейді олар.
Той орны ретінде Норвегия елінің оңтүстік-шығысындағы Голебекк аймағы таңдалған. Аталмыш аймақтың ормандарының бірінде екі елдің шекарасы тоғысып жатыр.
Шекара асып кетпес үшін той қонақтарының арасына ұзын ақ лента тартылған. Қалыңдықтың тойды шекара бойында өткізу ұсынысын достары қуана қолдаған.
"Біз некемізді қиғымыз келді. Махаббат кез келген кедергіні жеңеді", - дейді қалыңдық Камилла Ойорд.
Күйеу жігіт Александр Клерн, орманға жету оңай болмағанын есіне алды. Ол жол ауыртпалығынан қонақтардың дені келмейтініне сенімді болған. Алайда бірталай қонақ тойда қастарынан табылғаны жас жұбайлар үшін ерекше сыйлық болды.
Той қонақтары арасында шақырылмаған тағы екі қонақ болған. Олар - шекараны ешкім асып кетпеуін қадағалап жүрген екі полицей.
"Полицейлер сыпайы түрде той қонақтары арасына қосылуға рұқсат сұрады. Біз, әрине еш қарсы болмадық", - дейді жас жұбайлар.