Шиеленіске қарамастан Әзірбайжан Иранға 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді

0
103

Көмек "көрші әрі достас иран халқына қолдау көрсету" мақсатында ұйымдастырылған.


Шиеленіске қарамастан Әзірбайжан Иранға 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Фото: Fhn.gov.az

ERNUR.KZ. Әзірбайжан дрон оқиғасынан кейінгі шиеленіске қарамастан, көрші Иранға гуманитарлық көмек жіберді, деп жазады stan.kz.

Әзірбайжан президентінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайлар министрлігінің көліктері арқылы Иран Ислам Республикасына жөнелтілген гуманитарлық көмектің құрамына 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам су, шамамен 600 келі шай, сондай-ақ 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар кіреді.

Көмек "көрші әрі достас иран халқына қолдау көрсету" мақсатында ұйымдастырылған. Әзірбайжан Ираннан ұшқышсыз аппараттармен байланысты болған оқиғаға қарамастан, Иранға бірнеше тонна азық-түлік жіберді.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық құралдар тиелген гуманитарлық жүк қазірдің өзінде жолда. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көмек "көрші әрі достас иран халқына қолдау көрсету" мақсатында ұйымдастырылған.

Айта кетейік, жергілікті ақпарат құралдары 5 наурыз күні Иран аумағынан ұшырылған бір ұшқышсыз аппарат әуежай терминалы ғимаратына соғылғанын жазған. Тағы бір дрон Шакерабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанында құлаған.


Еске салайық, осы оқиғадан кейін Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев шабуылдарды айыптап, Тегераннан дереу түсініктеме беруді талап етті. Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі елдің жауап шараларын қолдануға құқығы бар екенін мәлімдеген еді. Ал Иран тарапы дрондарды өздері ұшырды деген айыптауларды жоққа шығарды. 6 наурызда Ильхам Алиев Ирандағы дипломатиялық қызметкерлерді толықтай елге қайтару туралы шешім қабылдады.