Ол шіркеуде жанып тұрған киелі шырағданға шылымын тұтатқан.
ERNUR.KZ. Шіркеудегі шырағданға шылым тұтатқан видеосын әлеуметтік желіге жүктеген читалық тиктокер Мәскеуде тұтқындалды. Ол енді 120 сағат қоғамдық жұмыс атқаратын болады, деп жазады exk.kz.
Былтыр 19 жасар читалық Виталий Мирошников Қазан қаласындағы шіркеуге барған еді, деп мәлімдейді Telegram желісіндегі Mash арнасы.
"Ол шоқынбады, ғибадат та жасамады, тіпті шырақ та жақпады. Есесіне шіркеуде жанып тұрған киелі шырағданға шылымын тұтатты. Өзінің осы ісін "Tik-Tok" әлеуметтік желісіне салды", - деп жазады Telegram арна.
Биылғы жылдың наурыз айында діни сот Виталиге қатысты 120 сағат міндетті жұмыс істеуге пәтуа шығарған. Алайда Құдай үйінде құдайсыз қылық көрсеткен жігіт Мәскеуге қашып кетіп, бой тасалаған.
Жуырда оны полиция тұтқындап, уақытша ұстау абақтысына қамады. Енді ол арнайы этаппен Читаға жеткізіліп, өзіне міндеттелген 120 сағаттық жұмысын атқарады. Әйтпесе, тиктокер 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.