Осыдан кейін елде ереуілдер басталды.
ERNUR.KZ. Шри-Ланка қажетті тауарларды импорттау үшін валютасы таусылғаннан кейін, 51 миллиард долларлық сыртқы қарыз бойынша дефолт жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл мемлекет тәуелсіздік алғаннан бергі ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Энергияның үнемі өшірілуі, азық-түлік пен отынның жетіспеушілігі сияқты мәселелер Шри-Ланкаға тән құбылыстар.
"Үкімет шұғыл шараны елдің қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына жол бермейтін соңғы шара ретінде ғана қабылдайды", – деп жазылған жергілікті үкіметтің мәлімдемесінде.
Биліктің айтуынша, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) көмегімен экономиканы қалпына келтіру бағдарламасынан бұрын барлық кредиторларға тең құқық беру үшін дереу дефолт қажет болған. Осыдан кейін Шри-Ланканың халқы үкіметке қарсы наразылық шараларын ұйымдастырып бас көтере бастады.