Сирияда тырысқақ індетіне қарсы вакциналау басталды

0
699

Бұл аурудың асқынуының бірден бір себебі: адамдардың көбі тазартылмаған су ішеді.


Сирияда тырысқақ індетіне қарсы вакциналау басталды

ERNUR.KZ. Сирияда тырысқаққа қарсы екпе егу науқаны басталды. Өйткені бұл инфекция тым тез тарап барады, деп жазады inbusiness.kz.

2022 жылдың қыркүйегінен бері 56 мыңға жуық дерек тіркеліп, 26 адам қайтыс болған. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ жыл басында Сирияның солтүстік-батысына 1,5 миллион вакцина жіберген болатын. Бұл аурудың асқынуының бірден бір себебі: адамдардың көбі тазартылмаған су ішеді.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Сириядағы су тазарту қондырғыларының үштен екісі істен шыққан.