Тағы бір журналистке қастандық жасалды

0
1 676

Әлеуметтік мәселелерді жиі көтеріп жүрген журналисті өз үйінің алдында пышақтап кеткен


Тағы бір журналистке қастандық жасалды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Джалал-Абад қаласында журналист Санрабия Сатыбалдиеваға шабуыл жасалды, деп жазады azattyq.org.

Алдын ала алынған ақпарат бойынша, белгісіз біреу оны үйінің маңында пышақтап кеткен. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне журналистің таныстары хабарлаған.

Олардың айтуынша, журналист ауруханаға жеткізілген.

Санрабия Сатыбалдиева – YouTube-тағы MalinaTV каналында жүргізуші. Ол хабарларында әлеуметтік мәселелерді жиі көтереді.