​Таиландтан оралған ресейлік 2 азаматтан маймыл шешегі анықталды

0
90

Роспотребнадзор бұл жағдайлар анықталған соң маймыл шешегі таралуының алды алынғанын мәлімдеді.


​Таиландтан оралған ресейлік 2 азаматтан маймыл шешегі анықталды

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Ауру жұқтырғандар дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Роспотребнадзордың Санкт-Петербор және Ленинград облысы бойынша аймақаралық басқармасы хабарлады.

– Роспотребнадзордың Санкт-Петербор және Ленинград облысы бойынша аймақаралық басқармасы Таиланд Корольдігінен туристік сапардан оралған азаматтардан маймыл шешегінің зертханалық расталған екі жағдайы анықталғаны туралы хабарды растады, - делінген мәлімдемеде.
Ведомствода маймыл шешегін жұқтырған туристермен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынған. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
Осыған дейін Мәскеу түбінде маймыл шешегін жұқтырудың үш жағдайы туралы хабарланған. Науқастардың бірі ауруханадан шығарылды, ал екеуі Домодедово ауруханасында ем алуын жалғастырып жатыр.
Роспотребнадзор бұл жағдайлар анықталған соң маймыл шешегі таралуының алды алынғанын мәлімдеді. Ведомство атап өткендей, Роспотребнадзордың аймақаралық кеңсесінің мамандары эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, эпидемияға қарсы шаралардың толық кешенін ұйымдастырды.
Олар сондай-ақ маймыл шешегіне қатысты жағдай мұқият қадағаланып отырғанын нақтылады. Инфекцияның Ресейде таралу қаупі сақталып отыр.