Таймс-Скверде Димаш Құдайбергеннің композициясын қолдайтын видеороликтер көрсетілуде

0
1 478


Таймс-Скверде Димаш Құдайбергеннің композициясын қолдайтын видеороликтер көрсетілуде

ERNUR.KZ. Нью-Йорк Таймс-Скверіндегі ең үлкен әрі әлемге танымал LED-экранның бірінде кешеден бері Димаш Құдайбергеннің таяуда жарық көрген «Omir» музыкалық клипін және оның алдағы уақытта Малайзияда өтетін жеке концертін қолдауға арналған видеороликтер көрсетіліп жатыр, деп жазад ҚазАқпарат.

Dimashnews.com. сайтының мәліметінше, үш видеоролик транслациясын қазақ әншісінің ресми фан-клубы ұйымдастырған. Видеороликтер тәулік бойы әр 20 минут сайын LED-экранда көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі бірінші жеке концерті 24 маусым күні өтеді.

Бұған дейін Димаш Құдайберген «Omir» деп аталатын жаңа музыкалық клипын ұсынған болатын. Әнші өнер туындысын жанкүйерлеріне арнады.