​ТМД елдері ішінде ең қымбат ет Өзбекстанда екені белгілі болды

0
109

Өзбекстанда бір келі сиыр етінің бағасы 8,1 АҚШ доллары болған.


​ТМД елдері ішінде ең қымбат ет Өзбекстанда екені белгілі болды

Фото: Rost24

ERNUR.KZ. Өзбекстан сиыр етінің бағасы бойынша әлемдегі 127 елдің ішінде 91-орында, деп жазады inform.kz.

Numbeo халықаралық сервисінің мәліметінше, биылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша Өзбекстанда бір келі сиыр етінің бағасы 8,1 АҚШ доллары болған. Көрші елдердегі бағалар ұқсас. Сиыр еті Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанда 7 доллардан сәл асады.

Швейцария, Исландия, Оңтүстік Корея, Норвегия және Люксембург сиыр еті ең қымбат бес елдің қатарына кіреді. Тізімде көш бастап тұрған Швейцарияда бір келі еттің бағасы – 44,3 АҚШ доллары. Сондай-ақ Исландияда – 38,7, Оңтүстік Кореяда – 28, Норвегияда – 26,8, Люксембургте 23,9 АҚШ доллары.
Ең арзан ет Кения (4,97), Гана (4,78), Нигерия (4,50), Уганда (12) және Пәкістанда (4,04) сатылады.
Айта кетейік, Өзбекстанда ет өнімдері бір жылда 14,4 пайызға қымбаттаған. Осы тауардың тұтыну бағасының индексін Статистика агенттігінің мамандары биылғы ақпан айында тіркеген. Алайда ет түрлерін бөлуде жағдай басқаша: 2024 жылдың ақпан айымен салыстырғанда сүйекті сиыр еті 18,5%-ға, қой еті 19,4%-ға қымбаттады. Құс еті 0,8%-ға төмендеді.