Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды

0
1 081

Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Африка Республикасының шығысындағы Квазулу-Натал провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын 51 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Провинция басшысы Сихле Зикалала құрбандар саны 70-ке жеткенін растады. Тағы мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Провинцияда үйінділер сұрыпталып жатыр, құтқару жұмыстары жүргізілуде. ОАР-дың шығысында қатты жауын-шашыннан жолдарды су басып, инфрақұрылымдар зақымдалды және үйлер қирады.