Бикини мен «шорты» киюге тыйым салынды

0
1 302

«Кеден аймағында бұл киім түрлерін елге өткізбейді. Себебін сұрасақ, нақты жауап берілмей жатыр. Шомылу науқаны жақындап қалғандықтан аталмыш киімдерге сұраныс күн сайын артып, тапсырыс берушілерге не айтарымызды білмей далмыз», - дейді саудагерлер.


Бикини мен «шорты» киюге тыйым салынды

фото ашық дереккөзден

Түркіменстанда әйелдердің шомылуға киетін бикини киімдері мен шолақ шалбарын сатуға тыйым салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елде жеке киім дүкендері тек бұрыннан қалғандарын ғана сатуға қойған, бұдан кейін Түркіместанға бикини мен «шорты» киімдері кіргізілмейді.

«Кеден аймағында бұл киім түрлерін елге өткізбейді. Себебін сұрасақ, нақты жауап берілмей жатыр. Шомылу науқаны жақындап қалғандықтан аталмыш киімдерге сұраныс күн сайын артып, тапсырыс берушілерге не айтарымызды білмей далмыз», - дейді саудагерлер.

50 градус ыстыққа төзімді келетін киімдерді әйелдермен қатар ер кісілер де алуға құмбыл. Десе де бұдан былай бұл киімдерді сатуға билік рұқсат бермей отыр.

Ал, Түркіменстан билігі елдегі қыз-келіншектерге ашық киінуге тыйым салу арқылы, олардың денсаулығын, ұлттық салт-дәстүрді берік сақтауға болады деп түсіндіреді.