Туған күнін тойлаған премьер-министрдің басы дауға қалды

0
2 857

Ол 60 жасын атап өткен.


Туған күнін тойлаған премьер-министрдің басы дауға қалды

ERNUR.KZ. Норвегияда премьер-министрдің басы дауға қалды. Ол карантин талаптарын бұзған болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция осы мәселеге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Эрна Сульберг биыл ақпанда 60 жасқа толып, туған күніне орай екі отырыс өткізді деген мәлімет бар. Екі басқосуда да 10 адамнан көп кісі болған. Бірақ карантин талаптарына сәйкес, қонақтар саны 10-на аспауы тиіс.

Жуырда Норвегия билігі елде коронавирустың үшінші толқыны басталғанын жария етті. Осыған байланысты шектеу шаралары күшейтілді. Енді ел астанасы Осло тұрғындары үйлерінде екі адамнан артық қонақ күте алмайды. Оқушылар қашықтан білім алады.