Түркіменстан өңірлерінде банкоматтар жаппай алынып жатыр

0
2 146

Өлкеде пластик карталардан ақша шығарып алуға шектеу енгізілген.


Түркіменстан өңірлерінде банкоматтар жаппай алынып жатыр

ERNUR.KZ. Түркіменстанның бірқатар аудан орталықтарында банкоматтардың жартысынан көбі алынды, демонтаж жалғасып жатыр, деп жазады centralasian.org.

Бұл арада елде қолма-қол ақшаға тапшылық, банкоматтарда ақша алу үшін кезекте тұру жалғасып жатыр.

Фарап ауданында 19 банкомат болса, олардың алтауы ғана істейді. Дарганата аймағында 27 банкоматтың 8-і ғана қалған.

Банкоматтардың қысқаруы кезекті көбейтіп, тіптен сол үшін жиі жанжалдасатын жағдайларды да жиілеткен. 28 желтоқсанда Гызыларват қаласында кезекте тұрған ашулы тұрғындар оларды бақылап тұрған полиция қызметкерін сабап тастаған.

Өлкеде пластик карталардан ақша шығарып алуға шектеу енгізілген.