Түркияда 20-65 жас аралығындағы тұрғындар ғана көшеге шыға алады

0
826

Үкімет сыртқа шығуға арналған шектеуді алып тастауға асықпай отыр.


Түркияда 20-65 жас аралығындағы тұрғындар ғана көшеге шыға алады

ERNUR.KZ. Түркияда коменданттық сағат аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ барлық азаматтарға емес. Елде 20-дан үлкен және 65 жасқа дейінгілер көшеге шыға алады. Қалған жастағы кісілердің қазірше тысқа шығуына тыйым салынған. Ел билігі бұл сақтық шараларының ораза айтынан кейін жеңілдейтінін мәлімдеген еді. Дегенмен үкімет сыртқа шығуға арналған шектеуді алып тастауға асықпай отыр.

Алғаш рет Ораза айт мейрамын үйлерінде карантиндік жағдайда тойлаған түрік жұртшылығы төрт күн араға салып көшеге шықты. Тұрғындардың біреуі жұмысқа, екіншісі азық- түлік дүкендеріне, үшіншісі таза ауа жұту үшін саябақтарға шықса, қалған бөлігі түрлі себептермен тысқа бет алды. Қазір біз Анкараның қақ ортасында орналасқан сәрсенбілік көкөніс базарына келіп тұрмыз.

Түркиядағы қоғамдық жерлерде, соның ішінде халықтың ең көп жүретін базарларында бетперде тағу міндетті. Бұл жерлерге бетпердесіз кірудің өзі мүмкін емес. Базар қақпаларында арнайы бақылау қызметкерлері күзетте тұрады. Ең бастысы, халықта әлеуметтік жауапкершілік жоғары.

Мысалы, қоғамдық жерлерде азамат бетпердесін шешкен жағдайда, айналасындағы азаматтар қатаң ескерту жасайды. Себебі айқын. Бетпердесін шешуші кісі өзінің де, өзгенің де денсаулығын қауіпке ұшыратады.