Түркияда 26 жастағы қазақстандық қыз көз жұмды

0
106

Қазіргі уақытта Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр.


Түркияда 26 жастағы қазақстандық қыз көз жұмды

© Sputnik / Наталья Селиверстова

ERNUR.KZ. Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, қыз алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өтпек болған.
Болжам бойынша, ол шатырдағы бос кеңістіктің үстіне орнатылған қалқанды басқан кезде, ол қыздың салмағына шыдамай, төменге құлаған.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының көз жұмғанын растады.
"Дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады министрлік.
НІс Қазақстан сыртқы істер министрлігінің бақылауында.