Елдің көптеген провинцияның билігі тұрғындарды аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға шақырды.
Фото: Азертадж
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 25 шілде Түркияда жаңа температуралық рекорд тіркелді, деп жазады inform.kz.
Елдің оңтүстік-шығысындағы Шырнак провинциясына қарасты Силопи ауданында ауа температурасы 50 градустан асып, бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды.
Елдің көптеген провинцияның билігі тұрғындарды аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға шақырды.
Сонымен қатар, Анкараны қоса алғанда, ондаған қалада ауа температурасы 40 градустан жоғарылап кеткен.
Метеорологтардың айтуынша, ауа температурасы маусымдық нормадан 7–12 градусқа жоғары. Ел аумағында салқындау тек 31 шілдеден кейін күтіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Грекияны қамтыған ыстық толқыны әлі де басылар емес. Елдің көптеген өңірінде ауа температурасы +40℃ деңгейінде сақталып тұр. Тіпті апта басында Афины муниципалитетінде жылу бейнелеу құрылғысымен жабдықталған дрон жол үстінде +68℃ температураны тіркеген.