Түркияда қар жауып, үсік жүрді

0
145

Министр өрік, жаңғақ, жүзім, пияз және картоп өсірумен айналысатын фермерлерге оның зиян келтіргенін атап өтті, сондықтан мемлекет оларды қолдауға ниетті.


Түркияда қар жауып, үсік жүрді

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Соңғы күндері Түркияның кейбір аудандарында соңғы 30 жылдағы ең төменгі температура тіркелді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы Х желісінде жазды.

Оның айтуынша, наурыз-сәуір айларында әртүрлі кезеңде күн күрт салқындаған, әсіресе 10-12 сәуір ауыр болған. Минус 15 градусқа дейін аяз болып, қар жауып, бұршақ түсті.

"Жекелеген өңірлерде соңғы 30 жылдағы ең төменгі температура көрсеткіштері тіркелді. Қолайсыз ауа райының салдарынан, өкінішке қарай, біз 2014 жылдан кейін алғаш рет қатты аязға тап болдық. Бұл ауылшаруашылық саласы үшін үлкен сынақ болды", - деп жазды Юмаклы.
Министр өрік, жаңғақ, жүзім, пияз және картоп өсірумен айналысатын фермерлерге оның зиян келтіргенін атап өтті, сондықтан мемлекет оларды қолдауға ниетті.