​"ТҮРКСОЙ" халық аспаптар оркестрі – Жапония сахнасында

0
3 315

Әлем елдерінен келген өнер ұжымдарының ішінде Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті «Елбасы қоры» сыйлығының иегері «Қазына» би ансамблі де бар.


​

Биыл «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымы 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай түркі әлемінің көптеген елдерінде әйгілі суретшілер мен ғалымдардың қатысуымен түрлі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырған ТҮРКСОЙ ұйымы 2019 жыл Жапониядағы Түркия жылына орай түркі халықтары оркестрінің концерттік бағдарламасын беруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Осы орайда, Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласынан бастау алған шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Якутия, Тыва, Қырғызстан, Башқұртстан, Малдова мемлекеттерінің өнерпаздары қатысып, өнер көрсетсе, олардың қатарында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті «Елбасы қоры» сыйлығының иегері «Қазына» би ансамблі де бар.

Түркітілдес 10 мемлекеттің би ұжымдарына Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қазына» би ансамблінің жетекшісі Әжібекова Зәуре Бекембайқызы жетекшілік жасауда.
12 мемлекеттен жиналған 50-ден аса өнерпаз түркі халықтары биі мен түркі халықтарының халық аспаптарында Жапонияның Токио, Иокогама, Кавасаки, Хамамацу қалалары мен Мэгуро ауданындаөнер көрсетіп, шеберлік сабақтарын да ұйымдастыруда.

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Жапониядағы өнер сапары 24 қараша күні қорытындыланады.