​Ұйқысы қанбай жүргендерге арналған қонақүй ашылды

0
1 613

1 сағат демалуға болады.


​Ұйқысы қанбай жүргендерге арналған қонақүй ашылды

сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Жұмыс кезінде ұйқыңыз қанбай, шаршап жүрген лондондықтар мәселенің шешімін тапқан сыңайлы, деп жазады 24.kz.

Шаһарда Pop & Rest деп аталатын қонақүй ашылды. Оның ерекшелігі – жұмысбастылар бұл жерде көздің шырымын алып, 1 сағат демалып алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Құлаққа жағымды әуен мен жұпар иіс кімнің де болсын көңілінен шығады. Мұндай капсулада тынығамын деушілер 15 фунт төлейді. Жобаны іске асырушылардың айтуынша, қонақүйге келушілердің басым бөлігі фрилансерлер. Келешекте бұл бизнес Еуропа нарығына шығуы бек мүмкін.