Найзағай нөсер жауын кезінде Падма өзенінің бойымен жүріп бара жатқан кемеге түскен.
ERNUR.KZ. Бангладеште үйлену тойының 17 қонағын найзағай соғып, мерт қылды, деп жазады Stan.kz.
4 тамыз күні Бангладештің Чапайнавабгандж аймағында 17 адам үйлену тойы кезінде найзағай соққан.
Мәліметтер бойынша, найзағай нөсер жауын кезінде Падма өзенінің бойымен жүріп бара жатқан кемеге түскен. Өзен жағалауындағы терминалға зәкір тастағап тұрған кемеге түскен найзағайдың кесірінен 17 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Басылым Бангладеште жылдың дәл осы уақытында найзағай көп түсетінін айтады.