Осыған орай Монғолия халқы су мен жарықты, жылуды үнемдеуге тырысуда.
иллюстрациялық фото
Монғолия үкіметінің кезектен тыс отырысында, пандемия жағдайына байланысты халықты барлық коммуналдық төлемдерден босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ centralasia-ға сілтеме жасап.
Барлық тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік бірліктер су, электр, қоқыс, жылу төлемдерінен 1 желтоқсаннан бастап, 2021 жылдың шілдесіне дейін босатылады.
Осыған орай халық та су мен жарықты, жылуды үнемдеуге тырысуда.
Сонымен қатар, Үкімет елдегі көмір бағасын 75 пайызға арзандатты. Сондай-ақ, Моңғолияда коронавирусты таратпау үшін төтенше жағдай жарияланып, карантин тәртібі күшейтілді.