Ерлі-зайыптылар қасиетті Рамазан айының басталуына арналған іс-шараға қатысты.
Сурет: Instagram/theroyalfamily
ERNUR.KZ. Букингем сарайының баспасөз қызметі Чарльз III патшайым Камилламен бірге Лондондағы Карнаби көшесіне қойылатын қайырымдылық қораптарын дайындауға көмектесіп жатқаны жайлы әсерлі бейнемен бөлісті, деп деп жазады zakon.kz.
Ерлі-зайыптылар қасиетті Рамазан айының басталуына арналған іс-шараға қатысты. Патша жетекші британдық мұсылмандармен кездесті. Артынша, жұбайымен бірге қайырымдылық қорапшаларын дайындауға көмектесті.
Ол жерде патша мен патшайым құрмаларды қағаз пакеттерге салып, ауызашар үшін қалалық ауруханаларға жібереді.
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні 1 наурызға бекітілді. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.