Ұлыбритания Ресеймен жұмыс істегені үшін қазақстандық компанияларға санкция саламыз деп сес көрсетті

0
267

Құжат Ресейге қарсы санкцияларды бұзу қаупі туралы ескерту ретінде әзірленген.


Ұлыбритания Ресеймен жұмыс істегені үшін қазақстандық компанияларға санкция саламыз деп сес көрсетті

Фото: Getty Images
ERNUR.KZ. Қазақстандық компаниялар Ресеймен жұмыс істегені үшін жеткізілімдерден, активтерден және батыс банктеріне жете алмай қалуы мүмкін. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларға арналған нұсқаулықжариялады, деп жазады Stan.kz.


Құжат Ресейге қарсы санкцияларды бұзу қаупі туралы ескерту ретінде әзірленген. Нұсқаулық кәсіптің санкцияға іліккен ресейлік серіктестермен жұмыс істеуінің құқықтық салдарын туралы ескертіп, қара тізімге енгіп кетпеудің алдын алуға бағытталған.

“Санкцияларды айналып өту жолдары — мысалы, үшінші елдер арқылы сатып алып, кейін оны қайта экспорттау — активтердің бұғатталуына, банктік және логистикалық қызметтерден бас тартуға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін”, – делінген құжатта.

Құжатта Ұлыбританияның юрисдикциясына жататын, бірақ ел аумағынан тыс жұмыс істейтін азаматтар мен компаниялар — яғни, "британиялық тұлғаларға" — ерекше назар аударылған. Сонымен қатар осындай құрылымдармен ынтымақтастық орнатқан қазақстандық компанияларға да қауіп төнуі ықтимал.

Құжатта Ресеймен байланысы жоқ екенін немесе түпкілікті алушы санкцияға іліккен тұлғалар еместігін дәлелдей алмайтын компаниялар автоматты түрде "қауіпті" санатқа енетіні айтылған. Салдарынан олар батыс нарықтары мен жеткізілімдерден айырылуы мүмкін.