Ұлыбританияда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

0
154

Бельгияда үш ер адам Ла-Манш арқылы мыңдаған адамды заңсыз алып өткен қылмыстық топтың мүшесі деп айыпталды.


Ұлыбританияда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Бельгияда адам контрабандасының ірі тобына қатысы бар деп сотталған үш ер адам Ұлыбританияда қамауға алынды. Олар "тасымалдайтын мигранттарға қатыгездік көрсеткен", деп жазады zakon.kz.

Бельгияда үш ер адам Ла-Манш арқылы мыңдаған адамды заңсыз алып өткен қылмыстық топтың мүшесі деп айыпталды.

Ұлттық қылмыс агенттігі (ҰҚА) мен Ұлыбританиялық полиция Ауғанстандық ер адамдарды тұтқынға алды.

Сондай-ақ, топ мүшелері кәмелетке толмаған мигранттарды зорлап, жыныстық қылмыстар жасаған.

Бельгиялық прокурорлар қылмыскерлер сексуалдық зорлық-зомбылықты видеоға түсіріп алып, бейнежазбаларды құрбандарды қылмыс жасауға және одан әрі жыныстық зорлық-зомбылыққа бопсалау үшін пайдаланғанын айтты.

Ирактық ерлі-зайыптылар бұған дейін Германияда кәмелетке толмағандарды құлдықта ұстаған.