Ұлыбританияда бірнеше қаланы су басты

0
279

Әсіресе елдің орталық және оңтүстік аймақтары қатты зардап шегіп отыр.


Ұлыбританияда бірнеше қаланы су басты

ERNUR.KZ. Англияның кейбір аймақтарында бір айлық жауын-шашынның мөлшері небәрі 24 сағатта жауып, кең көлемді су тасқынына алып келді, деп жазады zakon.kz.

Әсіресе елдің орталық және оңтүстік аймақтары қатты зардап шегіп отыр. Оксфорд, Рединг және Бат қалаларындағы нөсер жаңбырдың деңгейі 120 миллиметрге дейін жеткен.

Өзендер арнасынан шығып, метеорологиялық қызмет төтенше жағдай жариялады. Мектептер жабылып, халық үйлерінен көшіп жатыр. Көлік қозғалысы да тоқтады.

Кеше түнде қатты жаңбыр жауып, өзен көтеріле бастады. Үйіміз су астында қалды. Біз осында 2013 жылы көшіп келгелі мұндай кең көлемді табиғат апаты болмаған, — деді Кит Гарвуд, тұрғын.