Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сайланды

0
1 214

Дауыс беру барысында Б. Джонсон 92 153 дауыс жинап, жеңіске жетті.


Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сайланды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның бұрынғы СІМ Борис Джонсон консервативтік партияның жаңа көшбасшысы болып сайланды. Бұл туралы сейсенбі күні партияның басқарушы комитеті жариялады, деп жазады egemen.kz.

Дауыс беру барысында Б. Джонсон 92 153 дауыс жинады, ал Ұлыбритания қазіргі СІМ Джереми Хант 46 656 дауыс жинады.

Тереза Мэй өз өкілеттігін тоқтатқан соң, бүгіннен бастап Б. Джонсон елдің премьер-министрі қызметіне кіріседі.

Үкімет кабинетінің қазіргі басшысынан жаңаға ресми берілуі Т.Мэйдің парламентарийлердің сұрақтарына соңғы жауап беру сессиясынан кейін өтеді.