Марқұмның ұлы әкесі жұмыс істейтін дүкенге 2 млн 735 мың 394 теңге мөлшерінде қарыз болған.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Бакудің Хазар ауданында (Әзірбайжан) суицид орын алды. 26 қаңтар күні Тюркян кентінің тұрғыны, 63 жастағы Намиг Гусейн оглу Абдулов үйінің алдына асылып қалған, деп жазады zakon.kz.
Oxu.Az дерегінше, ер адам ұлының қарызға белшесінен батқанын біліп, өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұмның ұлы әкесі жұмыс істейтін дүкенге 9 мың манат (2 млн 735 мың 394 теңге) мөлшерінде қарыз болған. Дүкен иесі жігіттен 3 мың манат (911 мың 798 теңге) қаражатты өндіріп алған. Алайда, ол қалған 6 мың манаттың орнына, одан ай сайынғы төлемдер түрінде 9 мың манат өтеуді талап еткен.
Осылайша, ұлының қарызға батқанына ренжіген әке, ақыр аяғы өзіне қол салған.