Үндістандағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 38-ге жетті

0
154

Қаза тапқандардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар.


Үндістандағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 38-ге жетті

Фото: Canva

ERNUR.KZ. Үндістанның оңтүстігінде өткен шеру кезінде болған дүрбелең салдарынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz.



Қайғылы оқиға Тамилнад штатында киноактер Виджай ұйымдастырған "Тамилага Веттри Кажагам" саяси ұйымын қолдау митингі кезінде орын алған.

Штаттың басшысы В. Сентил Баладжидің айтуынша, 46 адам жеке ауруханаға жатқызылған, тағы 12 науқас мемлекеттік медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі жазбасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.