Ұшақ апатына байланысты Оренбургте 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды

0
1 734

Соңғы мәліметтерге қарағанда «Саратов әуекомпаниясына» тиесілі Ан-148 ұшағында болған 71 адамның барлығы қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, құрбандардың үшеуі – бұғанасы қатпаған бала. Екеуі – шетел азаматы.


Ұшақ апатына байланысты Оренбургте 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды

Мәскеу маңында болған ұшақ апатына байланысты Ресейдің Оренбург облысында 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды.Соңғы мәліметтерге қарағанда «Саратов әуекомпаниясына» тиесілі Ан-148 ұшағында болған 71 адамның барлығы қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, құрбандардың үшеуі – бұғанасы қатпаған бала. Екеуі – шетел азаматы, -деп хабарлайды 24.KZ.


Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар «Саратов әуекомпаниясы» мен Домодедово әуежайларында тексеру жұмыстары басталды. Әзірге террорлық шабуыл жасалды деген болжам да қарастырылып жатыр. Алайда лаңкестік әрекет болу мүмкін емес дейді мамандар. Апат аймағынан ұшақтың қара жәшігі табылды.

Светлана Петренко, РФ Тергеу комитетінің өкілі:

– Ұшақ апатына қатысты жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы, адамның қателігі, немесе техникалық ақау болуы да мүмкін. Барлық нұсқаны жіті зерттейміз.

Мәліметтерге қарағанда қаза тапқандардың басым бөлігі – Оренбург облысының тұрғындары. Өйткені ұшақ Мәскеуден Оренбург облысының Орск қаласына бара жатқан. Алдын ала мәліметтерге қарағанда бортында екі шетел азаматы болуы мүмкін. Олар Швейцария мен Әзербайжан елдерінен. Төтенше жағдайлар қызметі Мәскеуден Орск қаласына дәрігерлер мінген арнайы ұшақ жөнелтті. Олар марқұмдардың ДНҚ сынамаларын жинап, аты-жөнін анықтауға кіріседі. Мамандардың айтуынша, зерттеу жұмыстары 2-3 айға созылуы мүмкін. Қайғылы жағдайға байланысты Ресей Президенті Владимир Путин қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.