​Әуе компаниясының президенті ерсі қылықтары үшін екі қызын жұмыстан шығарып жіберді

0
1 392

Бизнес-класта отырғанда оған жолсерік макадамия жаңғағын қорабымен ұсынған. Бұған ашуланған президент қызы тәрелкеге салып келуі тиіс екендігін айтып, жолсерік қызды түсіріп тастау үшін ұшу жолағына шығып қойған ұшақты кері бұрғызған.


​Әуе компаниясының президенті ерсі қылықтары үшін екі қызын жұмыстан шығарып жіберді

сурет ашық дереккөзден алынды

Korean Air әуе компаниясының президенті өзінің екі қызын ерсі қылықтары үшін жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Әуе компаниясында аға вице-президенттің қызметін атқаратын президенттің кіші қызы Эмили Чо 19 сәуір күні іскерлік кездесу барысында жарнама агенттігі қызметкерінің бетіне су шашып жіберген. Оқиғаны жергілікті БАҚ-тар жарыса жазғандықтан, әуе компаниясының акциясы 7 пайызға арзандап кеткен.

Korean Air президенті сол үшін тек кіші қызын ғана емес, бірнеше жыл даулы ортада жүрген үлкен қызы Хитер Чоны да жұмыстан шығарып, екеуінің де орнына кәсіби бизнес-менеджерлерді алуға шешім қабылдады.

Президенттің үлкен қызы мұнан бұрын да бірнеше «еркеліктерге» жол берілгендігі туралы CNN жазған болатын. Оған қатысты атышулы «жаңғақ дауы» әлі де халықтың есінде. 2014 жылы Хитер Чо Нью-Йорк — Сеул бағытындағы бизнес-класта отырғанда оған жолсерік макадамия жаңғағын қорабымен ұсынған. Бұған ашуланған президент қызы тәрелкеге салып келуі тиіс екендігін айтып, жолсерік қызды түсіріп тастау үшін ұшу жолағына шығып қойған ұшақты кері бұрғызған.