Ыстамбұлда көшедегі иттерді тамақтандыруға тыйым салынды

0
130

Бұл шешім зиянкестер мен кеміргіштердің көбеюімен байланысты.


Ыстамбұлда көшедегі иттерді тамақтандыруға тыйым салынды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда саябақтарда, мектептерде, ауруханаларда, әуежайларда және мешіттерде көшедегі иттерді тамақтандыруға тыйым салынды, деп жазады zakon.kz.

EN. HABERLER мәліметінше, бұл шешім зиянкестер мен кеміргіштердің көбеюімен байланысты. Жаңа ереженің мақсаты – барша адамдар үшін қауіп-қатерді азайту.

Қалалық билік пікірінше, иттерге берілетін тамақ:

Жарнама

  • Қоқыс көлемін арттырады;
  • Экологияға кері әсер етеді;
  • Адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.

Дегенмен бұл тыйымның тек көп жиналатын орындарда "бақыланбайтын" тамақтандыруға қатысты екені, жануарларға көмектесу толықтай тоқтатылмайтындығы атап өтілді.