Зәулім үйлердің бірінде заңсыз сақталған мыңға жуық қару тәркіленді

0
1 216

Құқық қорғау органдары жүргізген рейд нәтижесінде мыңға жуық қару табылған.


Зәулім үйлердің бірінде заңсыз сақталған мыңға жуық қару тәркіленді

ERNUR.KZ. Лос-Анджелестің элиталық ауданында орналасқан зәулім үйлердің бірінде заңсыз сақталған мыңға жуық қару тәркіленді, деп жазады "24 хабар".

Құқық қорғау органдары жүргізген рейд нәтижесінде үйден түрлі марка мен калибрдегі винтовкалар мен тапаншалар табылған. Осыған байланысты үй иесі қаруды заңсыз тасымалдау мен сату күдігі бойынша қамауға алынған. Енді ол қатаң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Әзірге күдіктінің есімі тергеу мүддесі үшін жарияланбауда. Айта кетсек, тәркіленген қару-жарақ 1 миллион долларға бағаланып отыр.