1981 жылы қойылған генерал ескерткіші 2011 жылға дейін Ташкеннің ортасында тұрды және сол аудан Сабыр Рахымовтың атында болатын.
фото: mytashkent.uz
Ташкендегі генерал Сабыр Рахымовқа қойылған ексерткіш орнына қайтарылатын болды. Бұл туралы 2 мамыр күні Наманган облысы Нарын ауданындағы жиын барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Газета.uz басылымына сілтеме жасап.
1981 жылы қойылған генерал ескерткіші 2011 жылға дейін Ташкеннің ортасында тұрды және сол аудан Сабыр Рахымовтың атында болатын. Кейін сол кездегі президент Ислам Каримовтың бұйрығымен қазақ генералына орнатылған жәдігер Ғафур Ғұлам атындағы саябаққа көшірілген еді.
«Ескерткішті орнына қайтару тарихи әділдік болар еді, - деген Шавкат Мирзиёев,- бұл шаруаны 9 мамырға дейін бітірсек жақсы болар еді»,- деп ойын жалғады.