Бүкіл әлем бойынша олардың саны 26 мың деген мәлімет бар.
ERNUR.KZ. Норвегияның Шпицберген архипелагында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың айтуынша, соңғы уақытта аталған аймақтағы мұз тез еріп жатыр, деп жазады zakon.kz.
Бұл ақ аюлардың қорек табуына айтарлықтай кері әсер етеді.
Өйткені ақ аю жемтігін көбіне мұз үстінде аулап жейді. Ал мұз ерісе аю аштан қырылуы мүмкін.
Себебі енді ол аңшылыққа бұрынғыдан көп энергия жұмсайтын болады. Айта кетейін, бүгінде Баренц теңізінде шамамен 3 мың ақ аю мекендейді.
Ал бүкіл әлем бойынша олардың саны 26 мың деген мәлімет бар.