Ғалымдар жәндіктердің күн жылынған кезде оянып, азық таба алмағандықтан жойылып бара жатқанын алға тартуда.
ERNUR.KZ. Мамандардың болжамынша, қыстың жылы болуынан масалардың жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін, деп жазады Skifnews.kz.
Олардың зерттеуінше, тұрақты ауа райының болуы барлық ағзаларға кері әсерін тигізеді екен. Сондай-ақ жылы ауа райының мұнымен бітпейді.
Ғалымдар болса, жәндіктердің күн жылынған кезде оянып, азық таба алмағандықтан жойылып бара жатқанын алға тартуда. Балықтар масалардың (дернәсілін) құртын жеп қояды. Ал бұның салдары табиғаттағы ағзалардың тамақтану реттілігін, тізбегін бұзады.
Сарапшылар болса:"Құртшабақ, бақашабақ сынды балықтардың жағдайы алаңдаушылық тудырады. Себебі, балықтар масалардың дернәсілімен қоректенеді. Ал масалар жойылып кетсе, балықтардың да саны азаяды", - дабыл қағуда.
Зерттеушілердің пайымдауынша, жаһандық климаттың жылынуынан өзендердегі мұздар еріп, табиғаттағы тұрақтылық ритмі бұзылып, мұның салдары ағзаларға кері ықпал етеді.