Жапонияда Олимпиаданың өтуіне қарсы халық ереуілге шықты

0
769

Наразы халыық "Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді" деп ұрандатты.


Жапонияда Олимпиаданың өтуіне қарсы халық ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты, деп хабарлайды Хабар24.

Тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы.

Ұлттық стадион алдында жиналғандардың сөзінше, пандемия кезінде жарысты өткізу орынсыз. Сонымен қатар, наразылар "Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді" деп ұрандатты.
Олардың айтуынша, қазірдің өзінде Жапония билігі қазынадан 15 миллиард 4 миллион доллар қаражат жұмсаған. Ал халықаралық олимпиада комитеті болса телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келетініне сенімді.

"Соңғы кездері Олимпиада ойындарына қарсы шыққандардың саны артып барады. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл алаңдадатын жайт. Сонда да шараны тоқтату мүмкін емес сияқты. Тіпті айтарға сөзім жоқ", - дейді жергілікті тұрғын Кумико Суто.