Жас шенеунік мемлекет есебінен баюдың қитұрқы жолын ойлап тапты

0
894

​Алаяқ шенеунік қулығын іске асыру үшін 34 жасқа "қартайып кеткен"


Жас шенеунік мемлекет есебінен баюдың қитұрқы жолын ойлап тапты

ERNUR.KZ. Дағыстандағы Кулецма ауылы басшысының орынбасары зейнетақы алу үшін жасын ұлғайтып алған. Бұл туралы Левашин ауданының прокуратурасы хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы ер адам 34 жасқа "қартайып", 1985-1996 жылдары ұжымдық шаруашылықта істеді деп жазылған жалған еңбек кітапшасын сатып алады.

Былтыр жыл басында ол еңбек зейнетақысын тағайындау туралы өтініш жазып, алаяқтық жолмен 155 мың рубльден астам (900 мың теңгеден астам) қаражат алған.

Қазір шенеунікке қатысты алаяқтық туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жалған құжат берген орган қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған әрекетке барды деп айыпталған.