Ер адам ажалдан аман қалды.
ERNUR.KZ. Америкалық Небраска штатында ер адам көшеде келе жатып, байқаусызда тапаншадан өзінің шат тұсына атып жіберді, деп жазады Qamshy.kz.
Линкольн қаласының полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға 1-мамыр күні орын алған. 32 жастағы Питер Якобссон (Peter Jacobsson) көшеде келе жатқанда, қалтасынан тапанша түсіп қалады. Қару жерге соғылып, кездейсоқ одан оқ атылады. Атылған оқ тапанша иесінің өзін жаралаған болып отыр.
Америкалық азамат жергілікті ауруханаға жатқызылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ер адам ажалдан аман қалды. Енді Якобссон заңсыз қару сақтағаны және қала ішінде жасаған атысы үшін сот алдыңда жауап береді.