Жерорта теңізіне үш күнде 200-ден астам мигрант батып кетті

0
1 117

Ұйымның мәліметтері бойынша, жыл басынан бері босқындардың теңізде қаза болғандар саны мыңнан асады.


Жерорта теңізіне үш күнде 200-ден астам мигрант батып кетті

фото: m.glavnoe.ua

ERNUR.KZ. 29 маусым мен 1 шілде аралығында үш күн ішінде Жерорта теңізіне 200-ден астам мигрант батып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ KTK арнасының сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы (ХМҰ) хабарлады. Ұйымның мәліметтері бойынша, жыл басынан бері босқындардың теңізде қаза болғандар саны мыңнан асады.

«Осы апта соңында Ливия жағалауында 204 мигрант қайтыс болды. Осылайша, биылғы жылы қаза тапқан мигранттардың жалпы саны 1000 адамнан асты », - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жұмадан жексенбіге дейін Ливия жағалауының гвардиясы Ливияға Жерорта теңізінің қиылысуын бақылауды күшейтіп, Еуропаға баруға тырысқан мыңнан астам мигранттарды қайтарған.