ERNUR.KZ. Жергілікті тұрғын жолдағы ойылып, шұңқырға айналған тұстарына қуыршақтың басын қойып биліктің назарын аударған.
ERNUR.KZ. Жолдың ойылып кеткен тұстарында пайда болған шұңқырларға биліктің назарын аудару үшін жергілікті тұрғын оған қуыршақтың бастарын орналастырған, деп жазады lenta.ru.
Оқиға Ұлыбританияның Суиндон қаласында болған. Невилл Дэйтон есімді жергілікті тұрғын жолдың ойылып, шұңқырға айналған тұстарына қуыршақтың басын қойып биліктің назарын аударған. Британ азаматы көлікпен жүргенде шұңқырлардың әбден жүйкесіне тигендігін айтып, қуыршақтардан «көмек» сұрағандығын айтады.
Дэйтонның акциясы үш апта бойы жалғасқан. Бірінші қуыршақты біреу бір аптадан соң алып тастағанда Дэйтон оның орнына жаңасын сатып апарып орналастырған.
Акцияны ұйымдастырушы қуыршақты сынып қалғандықтан бағасы төмендетілген арнайы дүкеннен алғандығын да жеткізді. Тағы да алып тастаған жағдайда орнына басқасын қою үшін үйінде бірнеше қуыршақты ұстап отырғандығын да жасырмаған.
Жергілікті билік Дэйтонның акциясын назардай тыс қалдырмай жауап берді. Бірнеше рет жөндесе де, шұңқырлар сол тұстан қайта пайда болатынын да жеткізген. Ал Дэйтон өз кезегінде жолдың жақын арада жөндеу көрмегендігін, жөнделсе де жұмыстың сапасы нашар болғандығын айтты.
Қала тұрғындары Дэйтонның акциясын қуана қабылдап, тіпті бірі: «Шұңқырда тұрған қуыршаққа күн сайын қарап өтіп, еріксіз жымиямын», - деп пікір де білдірді.
Акцияның нәтижесінде жергілікті билік жолды сапалы етіп жөндеуге уәде берді.