Сақтандыру құжатын қалай дұрыс таңдау қажет

0
560

Сақтандыру компаниясын таңдаған кезде лицензияның болуына назар аудару қажет.


Сақтандыру құжатын қалай дұрыс таңдау қажет

ERNUR.KZ. Бұл өмірде ешкім кездейсоқ жағдайлардан сақтандырылған жоқ. Сақтандыру құжаты – бұл, ең алдымен, сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сіздің қаржылық мүдделеріңізді қорғау. Сізге сақтандыру құжатын қалай дұрыс таңдау қажет?

Сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті. Бірінші жағдайда заң сақтандыру құжатының болуын міндеттейді. Сақтандырудың бұл түріне автомобиль иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру және т.б. жатады. Екіншісінде – ерікті сақтандыру, онда сақтандыру ерікті негізде сатып алынады. Мысалы, мүлікті немесе денсаулықты сақтандыру.
Сақтандырушыны қалай таңдауға болады?
Сақтандыру компаниясын таңдаған кезде лицензияның болуына назар аудару қажет. Сақтандыру компаниясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензия болған жағдайда ғана жұмыс істеуге құқылы. Мұндай құжаттың болуын реттеушінің gov.kz сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде тексеруге болады.
Компанияны таңдағанда, тарифтерге назар аударыңыз. Бұл сіздің полисіңіздің құнына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің бірі. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша тарифтер заңнамалық деңгейде белгіленеді. Ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру шартында белгіленеді. Бұл жағдайда сіз полистің болжамды құнын сақтандыру компаниясының сайтында өзіңіз есептей аласыз.
Сақтандыру компаниясының негізгі қаржылық көрсеткіштерін зерделеу қажет. Қажетті статистика Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Сақтандыру компаниясына қатысты қолданылған шаралардың және (немесе) санкциялардың болуына ерекше назар аударыңыз, олар туралы ақпарат реттеушінің ресми интернет-ресурсында қолжетімді.
Сақтандыру компаниясының қызметі туралы толық ақпарат орналастырылатын оның интернет-ресурсымен танысыңыз. Сақтандыру компанияларының ресми интернет-ресурстарына сілтемелер реттеушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Сондай-ақ кез келген акционерлік қоғамы сияқты сақтандыру ұйымы да өзінің қаржылық есептілігін қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында (https://www.dfo.kz) тұрақты түрде жариялайды.