Автогазға қатысты ел білмейтін ҚҰПИЯ КӨП

0
211

Бүгінде газ жанармайға балама ретінде кеңінен қолданылып жатыр.


Автогазға қатысты ел білмейтін ҚҰПИЯ КӨП

Автокөлікке қолданылатын – сұйытылған мұнай газы (LPG) бүгінде жанармайға балама ретінде кеңінен қолданылып жатыр. Бұл отын түрлерінің артықшылықтары белгілі, алайда көпшілік біле бермейтін бірқатар құпиялары мен қызықты деректері бар:


1. Газ – бензиннен қауіпсіз болуы мүмкін

Көп адам газ жарылып кетеді деп қорқады, бірақ заманауи газ жабдықтары арнайы қауіпсіздік клапандарымен, автоматты өшіргіштермен жабдықталған. Өз ретімен орнатылған жүйеден газдың ағуы немесе жарылысы мүмкін емес десе де болады.


2. Қозғалтқышқа зиян келтірмейді

Керісінше, газ тазалығымен ерекшеленеді. Жану процесінде күйе аз бөлінеді. Сондықтан қозғалтқыш майы ұзаққа шыдайды, тозу процесі баяулайды.


3. Қыста көліктің оталуы қиындауы мүмкін

Газ ауа райының салқындығына тәуелді. Салқын кезде газ қысымы төмендейді де, нәтижесінде қозғалтқыш оталмай қалуы мүмкін. Сондықтан көлікте қос отын жүйесі (газ-бензин) болғаны тиімді.


4. Экологияға әсері аз

Газбен жүретін көліктердің атмосфераға шығаратын зиянды қалдығы 30-50 пайызға дейін аз. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш үшін арнайы салық жеңілдіктері қарастырылған.


5. Газ – жану температурасын арттырады

Бұл фактор кейде клапандар мен поршеньдердің қызып кетуіне әкеледі. Сондықтан кейбір қозғалтқыштарға арнайы газға бейімделген клапан, қосымша майлау жүйесі орнатылады.


6. Газдың сапасы тұрақты емес

Әртүрлі жанармай құю бекеттерінде газдың құрамы әртүрлі болуы мүмкін (пропан-бутан қатынасы). Бұл автокөліктің үдеу күші мен отын шығынына әсер етеді.


7. Ретсіз орнатылған жабдық – қауіп көзі

Көптеген адам ақша үнемдеймін деп сертификатталмаған сервистердің қызметіне жүгінеді. Бұл – үлкен қауіп. Ал ресми түрде жұмыс істейтін сервисте орнатылған га жүйесіне техникалық қызмет көрсетіліп тұрады және қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады.


8. Газбен жүретін көліктің жүксалғышы тар болады

Газ баллоны көбіне көліктің жүксалғышына орнатылады, сәйкесінше бұл жүксалғыштың көлемін азайтады. Кей көліктерде баллон қосалқы дөңгелектің орнына қойылады.


Қызықты деректер:

- Италия мен Түркияда газбен жүретін көліктер саны өте көп, халықтың 40 пайызы қолданады.

- Жапонияда такси көліктерінің көпшілігі газбен жүреді, себебі бұл отын тиімді әрі үнемді.

- Негізі газға жағымсыз иіс әдейі қосылады. Себебі газдың өзі иіссіз болады, сондықтан қауіпсіздік үшін иістендіргіш қосылады.

- Кей деректерге сүйенсек, Қазақстанда газбен жүретін көлік саны 500 мыңнан асып кеткен. Бұл отын бағасының тұрақсыздығына жауап ретінде қалыптасқан тренд.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


LADA Granta, Changan Alsvin, Chevrolet Cobalt: ЕҢ АРЗАН көліктердің қайсысы мықты?


Күз мезгілі газбен жүретін көліктерге ҚАНДАЙ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ?


Бөлісу