Нарықты қытайлық мотоциклдер жаулап алады. НЕГЕ?

0
811

Ескі бредтер «өзгеріс уақыты келді» деп сыбырлап жатқандай.


Нарықты қытайлық мотоциклдер жаулап алады. НЕГЕ?

фото: quto.ru

Қазір бұрынғыға қарағанда мотоциклге қызығушылық танытатын адам көбейіп жатыр. Бұл үрдіске бірнеше фактор әсер етуде. Біріншіден, аталған көлік құралын сән-салтанат үшін сатып алатындар саны артуда. Екіншіден автокөлік кептелістерінің көбеюі ықшам көлік құралдарының сұранысына әсер етіп жатыр. Сәйкесінше, осы кезеңді сәтті пайдаланған қытайлық өндірушілер еуропалық, жапондық және американдық брендтерді ығысырып, нарықты жаулап алуға ұмтылыс жасауда. Себебі адамдар мотоцикл таңдағанда бренд пен бағаны ғана емес, қосалқы бөлшектер мен қызметтің қолжетімділігін және қайталама нарықтағы өтімділікті ескереді.


Көптеген адам мотоциклді тек көлік емес, еркіндік пен стильдің символы ретінде көреді. Сарапшылар да ең алдымен жоғары сатылымды осымен байланыстырады.


Сондай-ақ, сатылымның өсуі тек ірі қалаларда ғана емес, өзге де аймақтарда байқалады және мотоцикл барған сайын оңтайлы көлікке айналып келеді. Себебі, екі доңғалақты көлік епті, үнемді және тұрақ үшін көп орын қажет етпейді. Сонымен қатар, әсем жерлерде мотоциклмен жүру – қаланың қарбаласынан демалудың тамаша нұсқасы болып саналады.


Оның үстіне көктемде мотоцикл сатылымының өсуі маусымдық жағдай болып есептеледі. Сатылымның көбеюіне тағы бір себеп – орта жастағы адамдар арасында мотоциклдің сәнді аксессуар ретінде танымал бола бастауы. Миллиондаған оқырманы бар мотоблогерлер де көлік құралына деген қызығушылықты арттырып келеді. Жолдарда да мақтаншақ мотоциклшілер жиі кездесе бастады. Қалай болғанда да, дәл қазір мотоцикл салондарындағы сатушылар қолдарын ысқылап отыр.


Ал, автокөлік жүргізушілерінің бір бөлігі мотоәуесқойларға жынданатын болса, енді бірі қызыға қарайды. Оған себеп, шағын көлік құралының тар жолдарда, тіпті кептеліс кезінде еркін қозғалуға мүмкіндік беруі деп ойлаймыз.


Нәтижесінде, егер бұрын ең танымал бренд «бавариялықтар» немесе үнділік «Bajaj» болса, қазір сатып алушылар бағасы қолжетімді және түрлі талғамға арналған ұсынысы бар қытайлық брендтерді көбірек сатып алып жатыр.


Сарапшылардың айтуынша, жаңа брендтерден жетілдірілу де байқалады. Әлбетте, көптеген мотоәуесқой байырғы классикалық үлгілерден үзілді-кесілді бас тартуға айын емес. Бірақ бұл жеке қалау мәселесі екенін атап өту керек.


Сарапшылардың ойынша, кімде-кім мотоцикл алғысы келсе, бірнеше жағдайды ескеруі тиіс. Ең алдымен пайдаланылған немесе жаңасын алып жатқаныңызды анықтауыңыз керек. Егер бұл қайталама сатып алу болса, онда арнайы жабдықтары, білімі, дағдылары бар және ұсыныстардың барлық түрлерінен қолайлы нұсқаны таңдай алатын кәсіби мамандардың қызметтеріне жүгінген дұрыс. Қалай болғанда да, өздерін дәлелденген брендтерді – жапон, неміс немесе американдықтарды алған жөн.


Тәжірибелі адамдардың құпиялары

Қайталама нарықтағы мотоциклдің өтімділігіне назар аудару артық болмайды. Сондай-ақ, бөлшектердің қолжетімді болуы және жақын маңда сапалы техникалық қызмет көрсету базасының болуы туралы алдын-ала сұрастырудың маңыздылығы зор. Мұндай анықтау кезінде жақын маңдағы дилерлерге қоңырау шалып, айна, резервуар немесе фараның құны сынды ақпараттарды сұрау керек.


"Қытайлықтар" бәсекеге түседі

Алдағы жылдары дүниежүзіне "қытайлық" брендтер таралатынына сенім мол. Себебі, көршілес елдің өндірушілері тек бюджеттік модельдерді ғана емес, қымбат мотоциклдер де құрастырып жатыр. Бұл сөзіміздің ең айқын мысалы – күзде ұсынылған «Great Wall – Suou S2000» мотоциклі. Бұл 8 целиндрлі қозғалтқышы бар әлемдегі жалғыз мотоцикл.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жол талғамайтын көліктердің ҚАЙСЫСЫН АЛҒАН ДҰРЫС?

БЕНЗИНМЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІКТЕРГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ: Қозғалтқышқа қатысты маңызды деректер