Жол гипнозына түсіп қалудан сақтаныңыз! ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АСА ҚАЖЕТТІ КЕҢЕС

0
3 143

Жол гипнозы жүргізушінің ғана емес, жолаушылардың да, жолдағы өзге көліктегілердің де өміріне қауіп төндіреді.


Жол гипнозына түсіп қалудан сақтаныңыз! ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АСА ҚАЖЕТТІ КЕҢЕС

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Зерттеушілер ой-сананың өзгеруін зерттеп, жүргізушілердің көзі анық тұрса да жартылай ұйқыға батып кететінін анықтаған. Мұндай күйге түскен жүргізуші көлікті біраз уақыт бойы дұрыс басқарып, кейіннен өзінің іс-әрекетін бақылай алмай қалады. Мұндайды «жол гипнозы» деп атайды екен.



Жол гипнозы қалай болады?

Жолға шыққаннан 2-2,5 сағат өткеннен кейін басталатын гипноза түскелі жатқанын көп жүргізушілер сезбей де қалады. Нәтижесінде жол жиегінде тоқтап тұрған көліктерге соқтығысуы әбден мүмкін. Көбіне жүргізушілер апатқа ұшырағанға дейінгі 15-20 минуттың ішінде болған жағдайларды есіне түсіре алмайды екен. Сондықтан, бұл қауіптен сақтану үшін 2-2,5 сағат өткен сайын тоқтап, 15 минуттай тынығып, таза ауада ары-бері жүріп, шай немесе кофе ішіп алу қажет. Сонымен қатар, ұзақ жолда мұндай жағдайға тап болмау үшін белгілі бір жерлерге, көліктерге зер салып, еске оларды еске түріпі отыру керек. Егер соңғы 15 минуттағы көзбен көргендеріңізді еске түсіре алмасаңыз, демек сіз гипнозға арбалып, өзіңіздің де, көліктегі жолаушылардың да өмірін қатерге тігіп отырсыз деген сөз. Сондай-ақ, жүргізушілер бұл гипнозға түнгі уақытта жиі ұрынып жатады. Егер сол уақытта жолаушылардың барлығы ұйықтап жатса, тіптен қауіпті.



Жол гипнозының себептері

Жол гипнозы келесі факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін деп болжанады:

  • терезенің арғы жағындағы көріністің біркелкі болуы;
  • жол жабынына сызылған ақ жолақтың көзді арбауы;
  • қандай да бір жарықтың ұзақ уақыт бойы автомобиль капотына немесе дымқыл тас жолға шағылысуы;
  • қозғалтқыштан шығып, құлақты арбайтын жағымды дыбыс;
  • жүргізушінің шаршау күйде болуы;
  • көлікті жалғыз жүргізу немесе салондағы жолаушылардың ұйықтап жатуы;
  • жүргізушінің бір нәрсені ойлап, уайымдап қатты күйзеліске түсуі;
  • жолда өзге көліктер, бұрылыстар мен қиылыстардың болмауы;
  • сонымен қатар, жол гипнозына жүріп бара жатқан жолының жай-күйін толық білетін тәжірибелі жүргізушілер түседі деген болжам бар. Өйткені, жолдың қыр-сырын білетін адам ешнәрсеге алаңдамай, жайбарақат отырып, кенеттен гипнозға түсіп қалуы мүмкін.


Жол гипнозының белгілері

Жол гипнозына түскелі отырған жүргізуші мынандай әрекеттер жасайды:

  • жүргізуші жолға ұзақ уақыт бойы мұқият қарайды;
  • жүргізуші көзін жұмады немесе жартылай жұмып, қысып отырады;
  • жүргізуші көлік жүргізу кезінде болмайтын жерден қателіктер жібереді.



Жол гипнозының алдын алу әдістері

Жүргізуші гипнозға түсіп қалмас үшін жол бойындағы әрбір ерекше нысандарға, белгілерге мән беріп отырғаны жөн. Сондай-ақ, назарын алға ғана емес, жан-жаққа бұрып, көлік басқаруға кері әсерін тигізбейтін істермен айналысса да болады. Ал, шаршап тұрса, кем дегенде жарты сағат көз іліп алғаны абзал. Оған мүмкіндік болмаса, қасындағы адамдармен әңгіме айтып, адам болмаса музыканы қосып, өзі соған қосылып ән шырқап отырғаны дұрыс. Сонымен қатар, кептірілген жеміс немесе сағыз шайнау да жол гипнозының алдын алуға көмектеседі. Сосын, ары кетсе 3 сағат сайын тоқтап, таза ауда серіп алғанның артықтығы болмайды.



Түнде көлікті қалай басқару қажет?

Автокөлік саласын ұзақ жылдар бойы зерттеген мамандар «түнде көлікті қалай басқару қажет?» деген мәселе жөнінде көптеген пікір білдірген. Сөйтіп, біз сөз етіп отырған жол гипнозына түспеу шараларын да атап өткен. Олардың айтуынша қас қарайғанда ұзақ жолға шыққан жүргізуші ұйқыға батқан жолаушыларға назар аудармағаны жөн. Өйткені, өзгелердің ұйқысы жүргізушіні де есеңгіретіп, терең ұйқыға батыруы әбден мүмкін. Сонымен қатар, мүмкін болса көлік жүргізіп жүрген жолаушымен кезектесіп айдауға да болады. Яғни бірі көлік басқарып отырғанда екіншісі тынығып алғаны абзал.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жолда орын алатын АСА ҚАУІПТІ жағдайларда ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУ қажет


Көліктің кілтін жоғалтып алғанда НЕ ІСТЕУГЕ болады?